Қытайлық Jiaxin компаниясы Гонконг пен Астанада (AIX) қосарлы листинг өткізеді, деп хабарлады Қытайдың бағалы қағаздарды реттеушісі.
Гонконг биржасында листингтеуге өтінім жіберілді, онда 126 млн акцияны листингке шығару жоспарлануда. AIX-те 1,5 млн акция орналастырылады.
Листингтің жалғыз андеррайтері Қытайдың жетекші инвестициялық банкі CICC болады. Компания 50-100 млн доллар аралығында тарту жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Jiaxin Алматының шығысында 180 шақырым жерде вольфрам кен орнын игеруде. Компания бұл кен орнын әлемдегі ең үлкен деп атайды.