2024 жылы Алматыда жалпы ауданы 2,4 млн шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға аз, деп хабарлайды статистика бюросы.
Бір қызығы, 2015-2021 жылдар аралығында Алматыда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы тұрақты түрде өсіп, орташа көрсеткіш жылына 10,7%-ды құрады. Соңғы он жылдағы алғашқы құлдырау 2022 жылы болды (минус 27,3%. Бірақ бұл теріс динамика жалпы республикадағы көрсеткіштің төмендеуімен қатар болды: жалпы ел бойынша көрсеткіш 7,4% төмендеді, бұл негізінен құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты делінді. Биыл республикада көрсеткіш 6,4% артса да, Алматыда азайып отыр.
Қалай болғанда да, Алматыдағы құрылыс көлемі әлі де аз емес. Мысалы, 2015 жылғы 1,4 млн шаршы метр қазіргіден 43% төмен.
Алматыдағы жалпы көрсеткіштің 80%-дан астамы дәстүрлі түрде көппәтерлі үйлер есебінен қамтамасыз етіледі. 2024 жылы бұл сегменттің құлдырауы 12,4%-ды құрады (қазіргі көрсеткіш – 1,97 млн шаршы метр). Бұл ретте пайдалануға берілген жер үйлердің ауданы тіпті шамалы өсті – 1,9%, 417 мың шаршы метрге дейін.
Бұған дейін Алматы билігі 2024 жылдың соңына қарай тұрғын үй құрылысының көлемі 20% азаяды деп күткен болатын. Мұндай күрт құлдыраудың себебі сейсмикалық қауіпсіздік талаптарымен қатар жаңа құрылыс талаптарының күшіне енуі болса керек.