Жаңа Салық кодексінде әлеуметтік сала ұйымдары үшін төмендетілген корпоративті табыс салығы мөлшерлемелері белгіленді: 2026 жылдан бастап 5 пайыз, 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады. Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік салық шегерімі 5 мың АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Бірқатар қоғамдық бірлестікті кей салықтан босату жоспарланған.
Алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру, энергетикалық сусындарға акциздерді енгізу туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі 100 есеге дейін көтеріледі. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін төлем ставкалары да лицензияның қолданылу мерзімі мен учаскелердің санына байланысты қайта қаралады.
Жалпы алғанда, реформа салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар негізгі өзгерісті қарастырады: салық есептілігін 30 пайызға, салық санын 20 пайызға қысқарту, салық жеңілдіктерін оңтайландыру, сараланған мөлшерлемелерді енгізу, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сән-салтанат заттарына жүктемені арттыру және басқа да бірқатар өзекті мәселе бар.