Alatau City Bank бизнеске «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыруды ұсынады

Alatau City Bank бизнеске «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыруды ұсынады

«Alatau City Bank» АҚ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Өрлеу» жеңілдікпен кредит беру бағдарламасына қосылды. Бағдарлама микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық жобаларды іске асыру және бизнесті дамыту үшін жеңілдікті шарттармен қаржыландыру тартуға мүмкіндік береді.

Кредиттік мөлшерлеме жылдық 12,6% (ЖТСМ − 13,48%-дан 35,00%-ға дейін). Қаржыландыру теңгемен және цифрлық теңгемен ұсынылады. Бір қарыз алушыға белгіленген қарыздың ең жоғары сомасы − Қордың барлық бағдарламалары бойынша қарыз алушының және онымен байланысты тұлғалардың қолданыстағы міндеттемелерін ескере отырып, 7 млрд теңгеге дейін. Өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу деңгейі төмен және орташа жобалар үшін 5 млрд теңгеге дейін лимит қарастырылған.

Қаражатты жабдықтар сатып алуға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, бизнесті кеңейтуге және басқа да инвестициялық мақсаттарға жұмсауға болады. Сондай-ақ, бағдарлама 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін алынған қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Инвестициялық мақсаттарға кредит беру мерзімі − 2036 жылғы 20 мамырға дейін.

Бағдарлама экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге бағытталған: өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT және креативті индустрия, көлік және логистика.

Бизнес үшін бағдарламаға қатысу ұзақмерзімді даму жоспарларын іске асыру үшін жеңілдікті шарттармен қаржыландыруды тарту мүмкіндігін білдіреді. Бұл кәсіпкерлерге өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға, жаңа бағыттарды іске қосуға және қызметтің тиімділігін арттыруға инвестиция салуға мүмкіндік береді.

«Шағын және орта бизнесті қолдау − Alatau City Bank жұмысының маңызды бағыттарының бірі. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен ынтымақтастықта «Өрлеу» бағдарламасына қатысу бізге кәсіпкерлердің жеңілдікті шарттармен қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге және өндірістің өсуін, қызметтерді дамытуды және жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етуге қабілетті жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Біз мұндай бағдарламаларды жеке кәсіпкерлікті дамытудың және Қазақстан экономикасының нақты секторын нығайтудың маңызды құралы ретінде қарастырамыз», − деді Alatau City Bank Басқарма төрағасы Әнуар Қуандықов.

«Жаңа банктердің «Өрлеу» бағдарламасына қосылуы кәсіпкерлер тарапынан да, қаржы секторы тарапынан да осы құралға деген тұрақты қызығушылықты көрсетеді. Біздің банктердің бағдарламаға серіктес ретінде қатысып қана қоймай, кредит беруге өз қаражатын да бағыттайтыны аса маңызды. Бұл нәтиже үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастырады және ШОБ-ты қолдау, жаңа жобаларды іске қосу, бизнесті жаңғырту және жұмыс орындарын құру деген бір мақсаттың төңірегінде біріктіреді. Цифрлық теңгені пайдалану да қосымша мүмкіндіктер береді, ол қаржыландырудың ашықтығын арттырады және қаражаттың мақсатына сай пайдаланылуын қамтамасыз етуге көмектеседі», − деп атап өтті «Даму» қорының Басқарма төрағасы Фархат Сарсекеев.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша кредиттік өтінім беру үшін кәсіпкерлер жақын жердегі Alatau City Bank кеңсесіне келіп жолығуы қажет.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға 2026 ж. 14 шілдедегі № 1.1.998.132 әмбебап банктік лицензияны берген.