Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы қыркүйекте ұлттық және шетел валюталарындағы салымдардың ұлғаюы аясында 2,6%, 51,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,2% өсті).
Заңды тұлғалардың депозиттері 5,7%, 22,9 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 0,2%, 28,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 2,2%, 41,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер 4,5%, 9,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа сараланған сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы қыркүйекте 0,4 п.т-ға 15,3%-ға дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 0,1 п.т-ға ұлғайып, 14,7%-ды құрады.