Alatau City Bank Астана қаржы орталығына көшуі мүмкін

Кәсіпкер Вячеслав Кимнің United Group Alatau холдингі АХҚО-да тіркелді.

Холдинг 2 шілдеде тіркелген. Оның жарғылық капиталы 10 млн теңгені құрайды. Жалғыз акционер ретінде Вячеслав Ким көрсетілген, ал бас директор қызметіне Айнұр Дәрменова тағайындалған.

Бизнесмен Alatau City Bank қарайтын холдингті Астана халықаралық қаржы орталығы аумағына көшіруді жоспарлап отырған болуы мүмкін.

Бұған дейін Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева (Halyk Bank акционерлері), сондай-ақ Владимир Ким (RBK Bank иесі) банктерін АХҚО юрисдикциясына көшірген еді.