Ажырасу көрсеткіші тарихи минимумға төмендеді

Ажырасу көрсеткіші тарихи минимумға төмендеді

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 40,6 мың ажырасу тіркелді, олардың 17,5 мыңы немесе 43%-ы бір жылға дейін (3,3 мың), немесе 1 жылдан бастап 5 жылға дейін ғана (14,2 мың) созылған неке.

Мұндай ажырасулардың қазіргі 43% үлесі, кем дегенде, 2010 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Соңғы 10 жылдағы орташа жылдық деңгей – 38%.

Ажырасудың жалпы көрсеткіші (1000 адамға шаққандағы ажырасулар саны) 2024 жылы 2001 жылдан бергі ең төменгі 2,01 болды. 2001 жылға дейінгі мәлімет жоқ. Соңғы он жылдағы орташа деңгей — 2,77.

Айтпақшы, ажырасқан қазақстандықтар қаншалықты жиі үйленеді? Жиі секілді. Соңғы үш жылда некеге отырған ерлер мен әйелдердің әр бесіншісі бұрын некеде болғандар.