АХҚО-да Central Asian Capital Ltd атты жаңа брокер тіркелді

АХҚО-да Central Asian Capital Ltd атты жаңа брокер тіркелді

Астана халықаралық қаржы орталығында Central Asian Capital Ltd. атты жаңа брокер тіркелді. Компанияның жарғылық капиталы 80 мың доллар. 

Компанияның жалғыз акционері — армениялық Landmark Capital брокерінің бас директоры Гор Геворкянның кеңесшісі Татевик Григорян. Гор Геворкянның өзі жаңадан құрылған Central Asian Capital Ltd компаниясының бас директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін АХҚО-да Recognized Non-AIFC Member мәртебесіне ие тағы бір армениялық Invia Invest брокері ITS сауда жүйесінің қатысушысы болды.