2025 жылы халық алтын алуды азайтты, ал баға қатты өскен еді

2025 жылы халық алтын алуды азайтты, ал баға қатты өскен еді

ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктеріне жалпы салмағы 889,5 кг 27 807 өлшемді құйма сатты.

Өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).

Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банкі арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде сатып алуға немесе кері сатуға болады.

Осылайша, 2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т.

Ал 2024 жылы халық 1,7 тонна алтын алған еді. 

Бір қызығы 2025 жылы алтын құны шамамен 2,8 мың доллардан 4,3 мың долларға дейін 64% қымбаттаса, 2024 жылы 2 мың доллардан 2,8 мың долларға дейін 40% шамасында қымбаттаған болатын.

Ал биылдыққа екі айдан артық уақытта баға жобамен 17% өсіп отыр.

Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%).