2025 жылы доллар бағамы орташа есеппен 486 теңге болады — ЕАДБ

2025 жылы доллар бағамы орташа есеппен 486 теңге болады — ЕАДБ

Еуразия Даму банкі 2025 жылы мұнай өндірудің ұлғаюы есебінен Қазақстанның ЖІӨ 5,5% өседі деп болжайды және валюта бағамына оптимистік болжам береді – орташа есеппен 1 доллар — 486 теңге. 

Сарапшылар теңгеге Ұлттық қордан түсетін трансферттердің ұлғаюы, жоғары базалық мөлшерлеме және экспорттық табыстың өсуі көмектеседі деп есептейді.

«2025 жылы ЖІӨ өсу қарқыны 5,5% өседі. Алдыңғы болжамды өзгертпедік. Стратегиялық маңызды инфрақұрылымды және әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға, сондай-ақ өңірлерде өсу нүктелерін құруға бағытталған мемлекеттік бастамалар негізгі қозғаушы күштердің бірі болады», делінген есепте.

Банк сарапшыларының есебінше, 2029 жылға қарай тартылған тікелей шетелдік инвестиция 150 млрд долларға дейін ұлғайтуға бағытталған жаңа инвестициялық циклді экономикаға оң әсер етеді. Бұл экономиканың ресурстық емес секторының, атап айтқанда өңдеуші өнеркәсіптердің әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шетелге астық жеткізуді қалпына келтіру нәтижесінде экономика қосымша қолдауға ие болады. 

Екінші жартыжылдықта Теңіз кен орнында өндірістің кеңебінен кейін мұнай өндіру мен экспорттың артуы күтілуде. Бұл экономика өсіміне қосымша 0,4-0,6 пайыздық тармақ береді. 

2025 жылы базалық мөлшерлеменің төмендеуі де экономикаға қосымша серпін береді, делінген болжамда.