2024 жылы сауда 9,1% өсіп, 69,7 трлн теңге болды

2024 жылы сауда 9,1% өсіп, 69,7 трлн теңге болды

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда ішкі сауда саласындағы өсім 9,1% құрады, деп хабарлайды статбюро.

Саланың жалпы көлеміндегі үлес:

  • Көтерме сауда – 67,5%
  • Бөлшек сауда – 32,1%

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 22 445,4 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы тиісті кезең деңгейінен 9,8%  артық.

Көтерме сауда көлемі 47 255,2 млрд теңгені немесе 2023 жылғы тиісті кезең деңгейіне 108,6% құрады.

Осылайша, жалпы сауда көлемі 2024 жылы 69,7 трлн теңгеге жетті.