2024 жылы 18 млн шаршы метр үй салынды

2024 жылы 18 млн шаршы метр үй салынды

Үкімет 2024 жылдың әлеуметтік сала қорытындысын жасады. Баспасөз қызметінің мәләметінше, 7 жылға есептелген бағдарлама аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 2024 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі 18 млн шаршы метрге жетті, бұл 1 млн-нан астам отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйді жедел пайдалануға беру үшін өңірлерде, Астана мен Шымкентте жол карталары әзірленіп, бекітілді. Оларда объектілерді салу мерзімі мен жоспары көрсетілген.

Бағдарлама шеңберінде 200-ден астам лифтіні ауыстыру, тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жаңарту жоспарланған, бұл қазақстандықтардың тұрмыс жағдайына оң әсер етеді.