2024 жылдың IT қызметінің экспорты 700 млн долларға жетуі тиіс

2024 жылдың IT қызметінің экспорты 700 млн долларға жетуі тиіс

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында 471 млн долларға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26% артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен 700 млн долларды құрауы мүмкін. 

Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни 479 млн доллар.

Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты. Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.