Фото: stock.adobe.com
2025 жылғы II тоқсанда жұмыспен қамту деңгейі 15 жастан үлкен жастағы халық санына шаққанда 64,6%, жұмыс күшінің санына шаққанда 95,4% құрады. Жұмыссыздық деңгейі, халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша, 4,6%-ды құрады, сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,1 п.п. төмендеді.
2025 жылдың маусым айының соңында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту бойынша барлығы 11,1 мың бірлік іс-шаралар көрсетілді, 5,8 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 0,1 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу деректері бойынша Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,3 млн адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 7,1 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,8%) жалдамалы жұмыспен, 2,2 млн адам (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 23,2%) өзін-өзі жұмыспен қамтыды.
2024 жылғы 2 тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 110,1 мың адамға, жалдамалы қызметкерлердің есебінен 168,3 мың адамға өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (17,1%), білім беру (13,1%), өнеркәсіп (12,5%) және ауыл шаруашылығы (10,8%) салаларында байқалды.
Негізгі жұмыста орта есеппен бір жұмыспен қамтылғанның аптасына нақты жұмыс істеген сағаттары 39 сағатты, бір жалдамалы қызметкерге – 40 сағатты, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерге – 36 сағатты құрады.
Жұмыссыз, бірақ жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын емес адамдар саны (әлеуетті жұмыс күші) 20 мың адамды құрады.
Жұмыс күш құрамына кірмейтін адамдардың үлесі 15 және одан жоғары жастағы халықтың 32,4%-ын құрады.