107 компания 22,8 млрд теңге салық төлемеген

107 компания 22,8 млрд теңге салық төлемеген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін төмендету схемаларын анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысын жалғастыруда, салық төлеуден жалтарудың алдын алу және мемлекеттік бюджетке түсімдердің қамтамасыз етілуіне күш салуда.

Салықтарды төмендету схемаларын анықтау процесі салық төлеушіге салықтық есептілік пен (немесе) салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша бұзушылықтарды өз бетінше жою туралы камералық бақылау хабарламасы жіберуден басталады.

Осы ретте, егер хабарлама орындалмаса немесе формалды түрде орындалса, мемлекеттік кірістер органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс салықтық тексеруді бастауға құқылы.

Формалды түрде орындалған хабарламалар жағдайында салық төлеушілер салық міндеттемелерін төмендетуге бағытталған қосымша салық есептілігін ұсыну мүмкіндігін пайдаланып, қасақана түрде табыстарын жасыруды жалғастыруда.

Мысалы, «А» кәсіпорны камералдық бақылау хабарламасына сәйкес 2022 жылдың 3-4 тоқсаны бойынша қосымша салық есептілігін ұсыну арқылы 177 млн. теңге көлеміндегі бұзушылықты жойды, ол басқа есептілік кезеңдерінде төмендетілген. Яғни, салық төлеуші салықтан жалтару схемасын қолдана отырып, табыстарын жасыруды жалғастыруда. Осыған байланысты жоспардан тыс тексеру тағайындалып, тексеру барысында тауарлар жеткізілімінің, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша тиімсіз контрагенттермен өзара есеп айырысулар анықталды (материалдық-техникалық базасы және жұмысшылары жоқ, төменгі КНН, салықтар мен төлемдерді төлемеу және т.б.).

Тексеру нәтижесінде 282,3 млн. теңге салық, 71,4 млн теңге өсімпұл және 142 млн теңге айыппұл салынып, салық төлеуші өзінің іс-әрекеттерімен салықтық тәуекелдерге ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК 354 салық төлеушілердің салықтарды төмендету белгілері бар қызметін талдап жатыр. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде салықтық бақылау шаралары 107 салық төлеушіге қатысты қабылданып, бұзушылықтардың сомасы 22,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде 51 тексеру 17,0 млрд теңгеге тағайындалды, 56 жоспардан тыс тексеру тағайындау үшін сұрау салынған, бұзушылықтардың сомасы 5,8 млрд теңге.

ҚР ҚМ МКК салық төлеушілерді салық міндеттемелерін адал орындауға шақырады және салықтарды төмендету тәсілдерін қолданудың нәтижесі ірі салықтық қайта есептеулер мен басқа да санкцияларға (салықтар, өсімпұлдар, айыппұлдар, құқық қорғау органдарына материалдарды беру) алып келетінін ескертеді.