Вячеслав Ким Kcell компаниясындағы үлесін 9,08%-дан 23,95%-ға дейін арттырды. Ол бұған дейінгі 14,87% үлесті кәсіпкер Ғалымжан Есеновтен сатып алған.
Мәміле KC Holding Ltd. компаниясы арқылы жүзеге асқан. Бұл компания 2024 жылғы 3 сәуірде тіркелген, мекенжайы — Астана, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 70, қызмет саласы — холдингтік компаниялар қызметі.
Айта кетсек, шілде айында Вячеслав Ким Есеновтен Jusan Bank-ті (қазіргі атауы — Alatau City Bank) де сатып алған болатын.
Ал Kcell жарты жылда 5,6 млрд теңге таза пайда тапты.