Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Вячеслав Ким Ғалымжан Есеновтен Alatau City Bank акцияларының 20,1% үлесін сатып алды. Келісім құны 40,9 млрд теңге болған. Бұл ақпарат Қаржы есебі депозитариі порталында жарияланды.
Мәміле First Heartland Securities компаниясы арқылы жүзеге асқан. Бұған дейін Ким бұл компанияны да Есеновтен сатып алған еді.
Бұған дейін Alatau City Bank акцияларының 79,89%-ы Ғалымжан Есеновке тиесілі болған және ол бұл үлесті дәл осы First Heartland Securities компаниясы арқылы иеленген. Қалған 20% акция оған тікелей тиесілі еді.
Шілде айында Вячеслав Ким Есеновтен Jusan Bank-ті (қазіргі атауы — Alatau City Bank) де сатып алған болатын. Алдымен Вячеслав Ким Есеновтен First Heartland Securities компаниясын сатып алды (мәміленің сомасы жария етілмеген). Кейін, шілде айында осы компания арқылы Есеновтен Alatau City Bank-тің 20,1% акциясын сатып алған. Ресми мәліметке сәйкес, Есенов 33 млн акцияны сату арқылы 40,86 млрд теңге немесе сол кездегі бағаммен шамамен 79 млн доллар алған.
Сонымен қатар Вячеслав Ким Kcell компаниясындағы үлесін 9,08%-дан 23,95%-ға дейін арттырды. Ол бұған дейінгі 14,87% үлесті кәсіпкер Ғалымжан Есеновтен сатып алған.