Қаржы министрлігі 1 маусымдағы жағдай бойынша, Ұлттық қорға түскен қаражаттың есебін жариялады. Оған сәйкес, жыл басынан бері Ұлттық қордың көлемі 870 млрд теңгеге – 34,73 трлн теңгеден 33,86 трлн теңгеге дейін қысқарды.
Бес айда Ұлттық қорға барлығы 1,77 трлн теңге түсті. Негізгі бөлігін мұнай секторынан түсетін салықтар құрайды.
Бұл ретте қордан 2,63 трлн теңге шығарылды: бюджет тапшылығын жабуға кепілдендірілген трансферттерге 2 трлн теңге, маңызды жобаларды қаржыландыруға нысаналы трансферттерге 620 млрд теңге, қорды басқаруға 18,9 млрд теңге алынды.
Биыл Ұлттық қордан барлығы 5,2 трлн теңге шығару жоспарлануда: кепілдендірілген трансферт түрінде 2 трлн теңге және нысаналы трансферт түрінде 3,2 трлн теңге.