Үкімет салық есебін тапсыратын бизнеске арналған ЖИ көмекші дайындады

Үкімет салық есебін тапсыратын бизнеске арналған ЖИ көмекші дайындады

Қазақстанда болашақта салық есебін жасанды интеллект толтыра алады. Үкімет азаматтар мен бизнеске салық бойынша кеңес беретін ЖИ-көмекшіні іске қосты, ал келесі қадам — декларацияларды автоматты түрде толтыру. Бұл туралы цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

«Қазір сервис 24/7 онлайн-кеңесші ретінде жұмыс істейді. Ол есепті қалай тапсыру керектігін және салық нормаларын қарапайым тілмен түсіндіреді», – деді ол.

Министрдің айтуынша, жүйе қазірдің өзінде 5 мыңнан астам сұранысты өңдеген. Келесі кезең — автоматтандыру.

«Жоспар бойынша, ЖИ салық декларациялары мен есебін өзі толтыратын болады», – деді Мәдиев.