2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 14,8% өсіп, 1 231,4 млрд теңгені құрады.

2026 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстары көлемінің 2025 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда ұлғаюы ғимараттар (37,5%) мен құрылысы жұмыстары және жөндеу жұмыстарына байланысты.

2026 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25,5%), тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемге 22%) және тұрғын үйлердің (11,6%) құрылысы алады.

Өңірлер бойынша республиканың он алты өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалады. Едәуір өсу Ұлытау (2 есе), Жамбыл (52,7%), Павлодар (26,6%), Маңғыстау (23,1%), Қызылорда (22%), Батыс Қазақстан (17,4%), Түркістан (17,4%) және Шығыс Қазақстан облыстарында (15,9%), Шымкент (49,2%) және Алматы қалаларында (22,7%) байқалады.

Есесіне Ақмолада 23,4%, Жетісуда 13,1%, Абайда 0,9%, Солтүстік Қазақстан облысында 0,4% азайып кетті.