Банк секторының активтері 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша биыл сәуір айында негізінен несие портфелінің 0,9%, 43,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 1,1% өсіп (2026 жылдың басынан бастап 0,8% өсім), 71,3 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 20,4 трлн теңгені немесе активтердің 28,5%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы сәуірде жеке тұлғалардың салымдарының 1,4% өсуі есебінен 1,7%, 60,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 0,3% өсім). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлесті – 79,8% немесе 48,2 трлн теңге сомасындағы клиенттердің салымдары алады.
2026 жылғы сәуірде банктердің меншікті капиталы 1,9%, 11,0 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бастап 3,8% өсім). 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,1%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 20,9%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 796 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 12,0% аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 мамырда 3,9%-ды (2026 жылғы 1 сәуірде – 3,9%), капиталдың рентабельділігі (ROE) 26,1%-ды (2026 жылғы 1 сәуірде – 26,4%) құрады.