- Оңтүстік Африка ранды елдегі карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне және халықаралық әуе хабарларының қайта жандануына байланысты туристердің ОАР ұлттық валютасына сұранысының артуы аясында 0,5%-ға (14,95-тен 14,88-ге дейін) нығайды;
- Ресей рублі шектеулі ұсынысқа байланысты мұнай бағасының өсуі аясында 0,3%-ға (72,88-ден 72,67-ге дейін) нығайды;
- түрік лирасы 0,3%-ға (8,89-дан 8,86-ға дейін) нығайды. Үкімет айырбас бағамын қолдау үшін ұлттық валютада көрсетілген құралдардан алынған кірістер бойынша салықтық жеңілдіктерді жыл соңына дейін ұзартты;
- Индонезия рупиясы теріс тәуекел-сентименті аясында 0,4%-ға (14 258-ден 14 308-ге дейін) әлсіреді. Шетелдік инвесторлар бір апта ішінде Индонезияның МБҚ салымдарын шамамен 382 млн АҚШ доллары сомаға азайтты;
- Бразилия реалы 0,4%-ға (5,34-тен 5,36-ға дейін) әлсіреді. Орталық банк 500 млн АҚШ доллары мөлшерінде своп аукционын өткізу туралы хабарлай отырып, ұлттық валютаны қолдауға дайын екені жөнінде белгі берді;
- үнді рупиясы АҚШ доллары бағамының жаһандық нығаюы мен мұнай бағасының бір баррель үшін 80 долларға жетуі аясында 0,6%-ға (73,69-дан 74,13-ке дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы реттеушінің мөлшерлемені 4,75%-ға дейін 25 б.т. көтеруіне қарамастан, 2%-ға (20,05-тен 20,45-ке дейін) әлсіреді.
Суретті үлкейту
.jpg)