Электроника және тұрмыстық техника сататын Technodom Operator 2024 жылы 387,7 млн теңге таза пайда тапты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9% көп. Компанияның қаржылық есептілігіне сүйенсек, бұл жердғ табыс құрылымындағы өзгерістер мен шығындарды қысқарту негізгі рөл атқарған.
Компанияның сатып алушылармен келісімшарттардан түскен табысы 232,1 млрд теңгеге дейін төмендеді (–16%). Өнімнің өзіндік құны да азайды – 174 млрд теңге (–18,7%). Нәтижесінде валдық пайда 58,1 млрд теңгеге дейін қысқарды.
Алайда таза табыстың артуына шығындардың азаюы себеп болды. Өнімді өткізу шығындары бір жылда 3,7 млрд теңгеге қысқарып, 56,8 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар компания активтерді сату және басқа да кірістерден қосымша +4,1 млрд теңге тапқан.
2024 жылы Technodom Operator жалпы активтері 138,6 млрд теңгеге дейін өсіп, бір жылда +11,5 млрд теңге қосылды. Міндеттемелер көлемі де шамалас өсіп, 114,7 млрд теңгені құрады.