2025 жылдың тамызында ITS халықаралық сауда алаңындағы бағалы қағаздар саудасының көлемі 1,26 млрд доллар құрады, бұл шілде айындағы көрсеткіштен (1,18 млрд доллар) 7% жоғары. Негізгі сауда-саттық режиміндегі орташа күндік көлем 60 млн долларға жетті, бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 11% артық, деп хабарлады ITS.

Тамыз айында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелердің саны 237 мыңнан асты, шілдеде бұл көрсеткіш 257 мың болған. Америка нарығында саудаланатын бағалы қағаздардың орташа күндік саны – 1,36 млн.

Орталықтандырылған мәміле жасалатын (анонимді режим) РЕПО нарығындағы облигациялармен жасалған мәмілелердің көлемі 56 млн долларға жетті, бұл шілде айындағы көрсеткішпен (57 млн доллар) салыстырарлық нәтиже.

Сауда-саттық көлемінің өзгеруі сонымен қатар жаһандық қаржы нарығындағы көңіл-күйді көрсетеді және ITS алаңында ұсынылған ETF қорлары сияқты жаңа құралдарға, атап айтқанда, сауда алаңының өз индекстеріне сұраныстың артқанынан хабар беріп тұр.

Тамыз айында ITS платформасындағы инвесторлар арасында ең сұранысқа ие бағалы қағаздар ондығына: SPDR Bloomberg 1-3 Month T-Bill ETF (BIL), Bitwise Bitcoin ETF (BITX) және Direxion Daily Semiconductor Bear 3X Shares (SOXS), ProShares UltraPro QQQ (TQQQ) биржалық қолары, сондай-ақ Freedom Holding Corp. (FRHC), Tesla Inc. (TSLA), NVIDIA Corporation (NVDA), Advanced Micro Devices Inc. (AMD) және Coinbase Global Inc. (COIN), Palantir Technologies Inc. (PLTR) акциялары кірді.

Тамыз айының соңында ITS алаңындағы инвесторларға бастапқы листингі Американың NYSE және NASDAQ биржаларында, сондай-ақ Қазақстанның AIX биржасында жасалған АҚШ, Еуропа және Азияның компаниялары мен ETF қорларының 3 мыңнан астам акциясы мен депозитарлық қолхаты қолжетімді болды.

2024 жылдан бастап ITS алаңының өзінің есеп айырысу және клиринг инфрақұрылымы бар. Бұл инфрақұрылымға Central Securities Depository Limited (ITS орталық депозитарийі) кіреді, ол бағалы қағаздарды сақтау және онымен есеп айырысу бойынша депозитарлық қызмет көрсетеді. Депозитарий АҚШ салық қызметінен Ұстап тұратын білікті делдал (Qualified Intermediary with primary withholding responsibility, WQI) мәртебесін алды.

Central Counterparty (ITS орталық контрагенті) клирингке қатысушылардың барлық міндеттемелері бойынша тарап болып табылады және ITS сауда алаңында жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асырады.