Стриминг сервистерінің нарығы жыл сайын кеңейіп келеді: фильмдер, сериалдар, музыка, аудиокітаптар мен подкасттар – бүгінде барлығы онлайн форматта қолжетімді. Алайда, платформалар саны артқан сайын сұрақ та туындайды: ең көп контентті тиімді бағада ұсынатын жазылым қайсысы?
Стриминг таңдауда нені ескеру керек?
Негізгі факторлар – контенттің алуан түрі, қосымша мүмкіндіктер және құны. Кейбір сервистер тек фильмдер мен сериалдарға маманданған, енді біреулері музыка немесе кітап ұсынады. Ал кейбір платформалар мұның бәрін бір пакетке біріктіреді. Біз танымалдарын жан-жақты зерделеп көрдік:
Фильмдер мен сериалдар
Netflix – айына $7,99-дан $24,99-ға дейін (шамамен 4 200-13 200 теңге). Бірден алты аккаунтқа дейін қосуға мүмкіндік бар.
Ivi – алғашқы ай 999 теңге, одан кейін ай сайын 1 990 теңге. Сонымен қатар жеңілдетілген тарифтері бар: 3 айға 4 290 теңге төлесеңіз – айына 1 430 теңге, 12 айға 11 990 теңге төлесеңіз – айына 999 теңге. Бір жазылым арқылы бес аккаунтқа дейін тіркеуге болады.
Музыка
Spotify – айына $4,99–$7,99 (шамамен 2 700-4 200 теңге).
Apple Music – жеке жазылым айына 1 490 теңге, ал отбасылық нұсқасы 2 290 теңге (алты адамға дейін).
YouTube Music Premium (оның ішінде YouTube Premium) – жеке жазылым – 2 700 теңге, отбасылық – 5 000 теңге, студенттік – 1 580 теңге. Apple құрылғылары арқылы қосылса, баға сәл жоғары: жеке – 3 500 теңге, отбасылық – 6 500 теңге.
Кітаптар
ЛитРес – айына 1 990 теңгеден бастап.
MyBook – ай сайын 1 190-2 990 теңге аралығында.
Яндекс Плюс: бәрі бір пакетте
Бұл жазылу қызметі бірнеше мүмкіндікті біріктіреді:
- Яндекс Музыка — ай сайын жаңартылатын контент және мыңнан астам қазақстандық орындаушының тректері, қазақ тіліндегі плейлисттер.
- Яндекс Книги — 2000-нан астам электронды және аудиокітап, соның ішінде қазақ тіліндегі туындылар.
- Кинопоиск — фильмдер, сериалдар, тележелілер және әлемдік, қазақстандық трансляциялар қамтылған Спорт бөлімі.
Жазылым құны — айына 1 999 теңге (бір жазылым арқылы төрт аккаунтқа дейін қосуға болады).
Қорытындылай келгенде, 2025 жылы Қазақстанда ең тиімді стримингті таңдау – пайдаланушының қажеттілігі мен отбасылық құрылымына байланысты. Егер бір отбасы бірнеше бағыттағы контентті (фильм, музыка, кітап) тұтынса, көп қызметті біріктіретін Premium-пакеттер үнемдірек болады. Ал тек бір салаға (мысалы, музыка немесе сериал) қызығатындар үшін жеке арзан тарифтер жеткілікті.