29 қыркүйек күні Қазақстан қор биржасында (KASE) ForteBank акциялары тағы да арзандады. Сауда барысында баға 16,5 теңгеге дейін төмендеп, күн ішінде 11%-ға жуық құлдырау тіркелді.
Құлдыраудың жаңа толқыны
25 қыркүйекте акция бағасы 19,88 теңге деңгейіне түскеннен кейін банк қағаздары құлдыраудың жаңа кезеңіне өтті. 26 қыркүйекте бір күнде 6,64% арзандады. 29 қыркүйекте төмендеу жалғасын тапты.
Сарапшылар мұны банкке қатысты ақпаратпен байланыстырады. Айта кетейік, 23 қыркүйекте ForteBank Home Credit Bank-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылды. Одан бұрын банк акционерлерінің жиналысында «мәңгілік» облигациялар шығару мәселесі талқыланады. Сонымен қатар ForteBank Қазақстан тарихында банктер арасында алғаш рет қытай юанінде синдикатталған қарыз алды.