Шетелдіктерге арналған казино орындары бекітілді

Шетелдіктерге арналған казино орындары бекітілді

Тиісті өзгерістер «Ойын бизнесі туралы» ҚР заңына енгізілді.

Жаңа нормаға сәйкес, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (олардың кассалары) мына өңірлерде орналастырылады:

  • Маңғыстау облысында, Каспий теңізі жағалауында
  • Жетісу облысының Панфилов ауданында және Алакөл жағалауында
  • Алматы облысының Талғар ауданында
  • Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандарында

Сонымен қатар, аталған ойын орындарына тек шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген қызметкерлер ғана кіре алады.