Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстанның Мал шаруашылығы одағымен бірлесіп, сиыр еті бағасын тұрақтандыру жөніндегі шараларды іске асыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Келісілген меморандум аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы мынадай міндеттемелер алды:

  • ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуді және тапшылықтың туындауына жол бермеу;
  • сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15%-ын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыру;
  • ресми статистикалық деректерге сәйкес айқындалатын орташа республикалық бағадан аспайтын өндірушілердің белгіленген 3275 теңге өткізу бағасы бойынша ішкі нарыққа сиыр етін жеткізуді қамтамасыз ету;
  • ет өнімдерін ішкі нарыққа жеткізу бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіруді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі осы меморандум шеңберінде ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.

Сауда және интеграция министрлігі ішкі нарықтағы баға мониторингін қамтамасыз етеді, сауда желілерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді және өндірушілер мен сауда объектілері арасында тікелей жеткізу шарттарын жасасуға ықпал етеді, сондай-ақ сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейінің сақталуын бақылайды.