2025 жылдың екінші тоқсанында Қазақстан кәсіпорындарының жиынтық көрсеткіштері бойынша өндіріс пен қызмет көлемі – 32,7 трлн теңге (+20% ж/ж), табыс – 52,6 трлн теңге (+23% ж/ж), өзіндік құн – 36,3 трлн теңге (+21% ж/ж), жалпы пайда – 16,3 трлн теңге болды. Бұл көрсеткіштер жалпы экономикалық белсенділіктің әлі де жоғары екенін көрсетеді.

Ірі бизнес тұрақты, бірақ тиімділік төмен

Елде 4,2 мыңнан астам ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жиынтық табысы 26,4 трлн теңгені құрап, таза пайдасы 3,6 трлн теңге болды.

Рентабельділік деңгейі – 13,3%.

Шығындардың құрылымы: материалдар – 54%, еңбекақы – 12,5%, амортизация – 14,5%.

Активтер көлемі – 167 трлн теңге, оның 63%-ы ұзақмерзімді.

Яғни, ірі бизнес экономика үшін қаржылық «қаңқа» рөлін атқарады, бірақ операциялық тиімділігі шектеулі.

Шағын бизнес: жеңіл құрылым – жоғары нәтиже

Есепті кезеңде 340 мыңға жуық шағын кәсіпорын жұмыс істеді. Олар 26,2 трлн теңге табыс алып, 4,36 трлн теңге пайда тапты.

Рентабельділік – 16,6%, ірі бизнеске қарағанда 3,3 пайыздық тармаққа жоғары.

Шығындардың құрылымы әлдеқайда «жеңіл»: материалдар – 28%, еңбекақы – 12%, амортизация – 5,5%.

Жұмыспен қамтылғандар саны – 1,6 млн адам, орташа жалақы – 349 мың теңге.

Бұл деректер шағын бизнестің тиімділігінің жоғары екенін, шығындарды икемдірек басқаратынын көрсетеді.