2024 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 1,4%-ға 2,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,1%-ға өсу).

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 68,2% (1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 5,7% (152 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 4,9%  (131 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері  сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде  2024 жылғы наурызда 1,5%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы негізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы наурызда 1,3%-ға немесе 12,0 млрд теңгеге 952 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 5,3%-ға өсу).

2024 жылғы наурызда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда сақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен 13,1 млрд теңге болды (2024 жылдың басынан бері – 46,6 млрд теңге).

2024 жылғы наурызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 531 мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда 1,9%-ға артық.

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 449 мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 35,9%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (700 мың шарт) және өмірді сақтандыру (416 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2024 жылғы наурызда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 93,3 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары 320,9 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан  55,9 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын,  сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (110,2%-ға немесе 16,2 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 3 ай ішінде 127,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80,7%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (37,0%-ға немесе 12,3 млрд теңгеге өсу) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (77,0%-ға немесе 23,2 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына  байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 137,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті  сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 9,6%-ға  немесе 6,9  млрд теңгеге  ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы наурызда сақтандыру төлемдері  21,9  млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 64,9  млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға көп. Өсу, негізінен, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы наурызда барлығы 107,9 мың төлем,  2024 жылдың басынан  –  326,1 мың төлем жүзеге асырылды.