Ресей Қазақстан бидайына қайтадан тыйым салды

Ресей Қазақстан бидайына қайтадан тыйым салды

22 сәуірде Россельхознадзор 2024 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енген бидай мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін Қазақстаннан әкелуге қойылған шектеулерді алып тастады. Дегенмен, сол күні агенттік кейбір түзетулермен Қазақстаннан астық әкелуге қайта тыйым салды.

Россельхознадзор шешіміне сәйкес, 23 сәуірден бастап Қазақстаннан Ресейге бидай, зығыр тұқымдары мен жасымық әкелуге уақытша шектеулер күшіне енген. Бұл тыйым астық транзитіне қолданылмайды, егер Қазақстан тарапы түпкілікті межелі елге фитосанитариялық сертификаттар берген жағдайда және астықты теміржол арқылы вагоннан тікелей герметикалық вагонға/контейнерге тиесе.

Сондай-ақ қазақстандық қызанақ, бұрыш, қауын, кесілген гүл мен бүршіктерді әкелуге тыйым салынады. Алайда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің кепілдігімен өнім партияларын әкелуге ерекше жағдайлар қарастырылған.

Егістікке арналған күнбағыс тұқымдарын, сондай-ақ үшінші елдерден алынған кесілген гүлдер мен бүршіктерді Қазақстаннан әкелуге мүлде тыйым салынды.

Россельхознадзордың бұл шешімдерді қабылдау себептері түсіндірілмеген.