2024 жылы Қазақстанның қызмет көрсету секторы үшін бетбұрыс кезеңі болды. Қызмет көрсету сектгры өсіп қана қоймай, бірқатар салаларда экспорт импортқа жетіп қалса, кейбірінде тіпті асып кетіп, ел қызмет көрсету секторының таза экспорттаушысына айналды.
Жалпы қызмет көрсету экспорты 10,8%өсіп, 11,8 млрд долларға жетсе, импорт 6% өсіп, 13 млрд доллар болды. Тапшылық 1,22 млрд долларға дейін қысқарды, бұл соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткіш.
Негізгі экспорттық драйверлер:
- Көлік: әлі де жетекші орында: +9,2%, 5,55 млрд долларға дейін. Соның ішінде жүк тасымалы: +8,7% өскен;
- Қаржы қызметтері +12,7%, 930,2 млн долларға дейін;
- IT саласының экспорты +20,3% өсіп, 881 млн долларға дейін (оның ішінде компьютерлік қызметтер: +30,5%) жетті.
Осылайша, Қазақстан алғаш рет ІТ-қызметтердің таза экспорттаушысы болды: импорт: 607,9 млн доллар. Профицит: +273 млн доллар.
- Жеке тұлғаларға қызмет көрсету (мәдениет, демалыс, спорт): +24,6%, 444,7 млн долларға дейін ұлғайды.
Алайда ЖІӨ құрылымындағы қызметтердің үлесі әлі де аз.