Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Ұлытау облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық форумы өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Форум аясында Ұлытау облысының инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және өңірдің перспективалы инвестициялық жобалары таныстырылды.
Өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды.
Форум қорытындысы бойынша жалпы құны 12.5 млрд теңгені құрайтын 6 меморандумға қол қойылды.
Құжат мына бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді:
- Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларындағы тұрғын үйлерді жөндеу;
- металлургиялық шлактарды өңдеу;
- сүт-тауар фермасын салу.