Tencent, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе, басқарушы команданың негізгі мүшелері және ұзақ мерзімді институционалдық инвесторлар Baring Fintech Venture Funds қорынан Kaspi.kz-тің 6 миллионға жуық американдық депозитарлық акциясын сатып алуды аяқтағанын хабарлайды.
«Tencent-тің Kaspi.kz-тің ірі акционерлерінің қатарына қосылуы – біз үшін үлкен мәртебе! Менің жеке инвестициям, басқарушы командамыздың негізгі мүшелерінің инвестицияларымен бірге компаниямыздың бизнес-моделіне және ұзақ мерзімді стратегиясына деген нық сенімді білдіреді», — деп жазды Михаил Ломтадзе.
Айта кетерлігі, Tencent — Қытайдың ірі технологиялық компаниясы, үздік қосымшаның бизнес-моделінің пионері және әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалардың бірі – 1,3 миллиардтан астам адам қолданатын WeChat-тың негізін қалаушы
Сондай-ақ қаржытех саласындағы Spice Expeditions халықаралық инвестициялық компаниясының, АҚШ-тың Washington University және WISIMCO / University of Wisconsin Foundation сияқты университеттік инвестициялық қорлары да Kaspi.kz акциясын сатып алғаны хабарланды.