Құрылыс компаниялары, қонақүй мен дәмханалар жабылып жатыр

Жыл басынан бергі 9 айда Қазақстанда 17,2 мың заңды тұлға жабылды. Бұл өткен жылғы осы уақыттағыдан 35,5% көп. Статистика бюросының мәліметінше, тоғыз айда сауда және көлік жөндеу саласындағы кәсіпорындардың 6 мыңы жабылып қалған. Бұл саладағы жабылған компаниялар саны 36% өсті. Ал құрылыс саласындағы компаниялардың жабылу көрсеткіші 43% (2178 компания жабылды), кәсіби және ғылым техникалық қызметтегі компаниялардың жабылуы 35,8% ұлғайып 1138-д құрады. Өңдеу өнеркәсібі 33,5% (793 компания жабылды), қаржы және сақтандыру 57,3% (664 компания жабылды). Көлік және қоймалау саласындағы компаниялардың жойылу деңгейі 50,8% өсіп, жабылған компаниялар саны 662 болды. Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы компаниялар саны 641-ге кеміп, былтырғы көрсеткіштен 21,4% көбейді. Әкімшілік және қосалқы қызметтермен айналысушылар саны 598-ге азайып, былтырғы көрсеткіштен 53,7% көп болды. Ақпарат және байланыс компаниялары 451-ге азайып, көрсеткіш былтығыдан 57,1% ұлғайды. Қонақүй және тамақтану қызметімен айналысушылар саны 291-ге азайып, былтырғы көрсеткіштен 87,7% көп болды. Білім саласындағылар 437-ге азайды. Бұл былтырғы қарқыннан 22,8% көп. Өнер және сауық саласындағылар 236-ға азайды, былтырғыдан 39,6% көп. Жалпы, негізгі 19 сегменттің 17-cінде компаниялардың жабылу көрсеткіші көбейген. Компаниялардың жабылу көрсеткіші бәсеңдеген салалар жылжымайтын мүлікпен операциялар және мемлекеттік басқару.