Жаңа Құрылыс кодексінің жобасында депутаттар құрылыс нысандарының ең төменгі кепілдік мерзімін екі жылдан бес жылға дейін ұлғайту нормасын мақұлдады. Бұл шара қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын, жобаны әзірлеу процесін, тапсырыс беруші мен мердігердің жауапкершілігін жақсартып, тұтастай алғанда салынған ғимараттардың өнімділігін арттырады.
Бұл ретте депутаттар құрылымға, шатырға, қасбетке бөлек он жыл кепілдік мерзімін белгілеуді ұсынып отыр. Бұл ұсыныс екінші оқылымға дейін қарастырылады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділерінің ұсынысымен жаңа Құрылыс кодексінің жобасында мүмкіндігі шектеулі жандар, қарт адамдар, ата-аналар, жалпы баршаға кедергісіз және жайлы жағдай жасаудың міндетті талаптары белгіленген. Бұл тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, көлік тораптарына және автотұрақтарға қатысты. Бұған тұрғын аудандардағы және мекемелердегі ашық автотұрақтарда қозғалыс мүмкіндігі шектеулі көліктер үшін бөлінген орындарды беру кіреді.
Сондай-ақ аумақтардың болашақтағы дамуын ескере отырып, инженерлік инфрақұрылым объектілерін жобалау мен орналастыруға, сондай-ақ қуаттандыру станцияларын көлік және энергетикалық жүйелерге біріктіруге міндетті талаптар қарастырылады.