«ҚТЖ жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2024 жылғы қаржылық қорытындысы жарияланды.
- Міндеттемелері 2024 жылы +36% өсіп, 1,4 трлн теңге;
- Табыс +12% өсіп, 1,85 трлн теңге;
- Өзіндік құн +9% өсіп, 1,78 трлн теңге;
- Таза шығын -23% азайып, -35,1 млрд теңге;
- Валютаны қайта бағалаудан шығын -33,1 млрд теңге болды.
Таза ақша түсімі +13 млрд теңге (алынған несиелер есебінен) болды.
726 млрд теңге қарыздың 600 млрд теңгесі шетел валютасында (еуро, франк, рубль, доллар) алынған несие. Яғни, жыл аяғындағы айырбас бағамы бойынша (523,54 теңге/1 АҚШ доллары), шамамен $1,1 млрд шетел валютасында немесе валюталық сыртқы қарызға индекстелген. 2023 жылдың басында 1 доллар 454,56 теңге болды, валютаны қайта бағалаудан барлық шығын осыдан келді.