Қоғамдық тамақтандыру және сауда саласында қызмет ететін салық төлеуші Салық төлеуші паспортын бақылау-касса машиналары орналасқан жерлерге және халықты ақпараттандыру үшін жалпыға қолжетімді орындарға орналастыруға міндетті. Бұл туралы Қаржы министрлігінің бұйрығында айтылған. 

Салық төлеуші паспорты сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті интернет-ресурсында да орналастырылады.

Паспорт салық құпиясына жатпайтын, салық төлеушілер туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Мұндай деректерді жария орналастыру азаматтарға, сатып алушыларға және қызметті пайдаланушыларға салық төлеушіні анықтауға мүмкіндік береді, бұл бұзушылықтар анықталған жағдайда арыздар мен шағымдар жіберу үшін қажет.

Қабылданған нормалар кәсіпкерлік субъектілерінің ашықтығын және жауапкершілігін арттырып, қоғамдық бақылаудың тиімді құралы болады.