Есептік кезеңде ҚазТрансОйл мұнай бойынша жиынтық жүк айналымы 33 млрд 921 млн тонна-километрді құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 2% артық.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша компанияның мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін қайта құюдың жиынтық көлемі 34 млн 644 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 1% төмен.

Отандық мұнай өңдеу зауыттарына тасымалданған мұнай көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4% ұлғайып, 13 млн 633 мың тоннаны құрады.

«Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 750 мың тоннаға жетіп, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4% артты.

Қазақстан аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі арқылы 8 млн 735 мың тонна мұнай тасымалданып, көрсеткіш 2024 жылдың 9 айындағы деңгейінде қалды.

«Атасу – Алашанькоу» магистральды мұнай құбырына 8 млн 270 мың тонна мұнай құю жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1% төмендеді.

«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне құйылған мұнай көлемі 2 млн 513 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 25% аз болды.

Компанияның қуаттарын пайдалану арқылы Ақтау портында танкерлерге 2 млн 440 мың тонна мұнай тиелді, бұл 2024 жылдың 9 айындағы осындай көрсеткіштен 5% төмен.

«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14 млн 484 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5% артық. Мұнайдың жүк айналымы 12 млрд 941 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың 9 айындағы нәтижеден 4% жоғары болды.

«СБҚК «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы 4 млн 436 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% артық. Сондай-ақ мұнайдың жүк айналымы 8% өсіп, 1 млрд 874 млн тонна-шақырымды құрады.

«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды қайта құю көлемі 1 млн 421 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 3% төмен. Сонымен қатар 2025 жылдың 9 айындағы жалпы жүк айналымы 5 млн 580 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% жоғары болды.

2025 жылдың 9 айында «Магистральды су құбыры» ЖШС «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 20 млн 450 мың текше метр тұщы су жеткізді. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы осындай кезеңнің деңгейінде қалды.