ҚазТрансОйл акция басына 86 теңгеден дивиденд төлейді

ҚазТрансОйл акция басына 86 теңгеден дивиденд төлейді

ҚазТрансОйл 2024 жылға бір акцияға 86 теңге дивиденд төлейді, жалпы сомасы 33,08 млрд теңге. Акционерлер тізілімін тіркеу күні – 2025 жылдың 3 маусымы, төлем – 2025 жылдың 12 маусымы.

Дивидендтердің ең көп үлесін компания акцияларының 90%-на ие ҚазМұнайГаз компаниясы алады. 

ҚазТрансОйлдың 2024 жылғы шоғырландырылған таза пайдасы 41,58 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26,6% артық.

Ал шоғырландырылған кірісі 311 млрд 900,1 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес көрсеткішінен 7,4% артық. 

2023 жылға ҚазТрансОйл 25 млрд теңге дивиденд төледі.