2025 жылғы 22 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2024 жылға «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды.
Дивидендтер төленетін кезең – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.
Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 86 (сексен алты) теңге.
«ҚазТрансОйл» АҚ акционерлеріне дивидендтер түрінде төленетін қаражаттың жалпы сомасы – 33 078 016 514 (отыз үш миллиард жетпіс сегіз миллион он алты мың бес жүз он төрт) теңге.