ҚазМұнайГаз 300 млрд теңге дивиденд төлейді

ҚазМұнайГаз 300 млрд теңге дивиденд төлейді

ҚазМұнайГаз акционерлері 2024 жылға дивидендтерді бір жай акцияға 491,71 теңге, жалпы сомасы 300 млрд теңге мөлшерінде бекітті.

2022-2023 жылдары да 300 млрд теңге дивиденд берілді. Бұл ретте компания бұған дейін 2024 жылға арналған төлемдер көлемін 350 млрд теңге деп жоспарлаған. 

Дивидендтердің басым бөлігін «Самұрық-Қазына» қоры (67,8%), 20%-ын ҚР Қаржы министрлігі, 9,58%-ын Ұлттық банк алады.

Былтыр бақылайтын компаниялар мен қатысы бар компаниялардағы таза пайдасын қоса есептегенде компанияның таза пайдасы теңгемен 18% ұлғайып 1,094 трлн теңге, доллармен 14,8% ұлғайып 2,332 млрд доллар болды.

Бос ақша ағыны теңгемен 21,8% көбейіп 1,199 трлн теңге, доллармен 18,4% көбейіп 2,555 млрд доллар болды.

Таза қарыз 41,4% азайып 1,163 трлн теңге болды.