Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы 2025 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай үшін аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды.
2025 жылдың I тоқсаны үшін негізгі қаржы көрсеткіштері 2024 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда:
- Түсім 2 227 млрд теңгемен (4 948 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 241 млрд теңгені (4 394 млн АҚШ доллпры) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 549 млрд теңгемен (1 219 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 582 млрд теңгені (1 142 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бірлескен бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесін ескере отырып, Компанияның таза пайдасы 300 млрд теңгемен (667 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 193 млрд теңгені (377 млн АҚШ доллары) құрайды.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы пайда үлесіне түзетілген таза пайда2 201 млрд теңгемен (446 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 164 млрд теңгені (321 млн АҚШ доллары) құрады;
- Бос ақша ағыны 144 млрд теңгемен (320 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 283 млрд теңгені (555 млн АҚШ доллары) құрады;
- 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы 31 наурыздағы жалпы берешек 3 932 млрд теңгені (7 795 млн АҚШ доллары) құрады;
- 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда Компанияның 2025 жылғы 31 наурыздағы таза берешегі 933 млрд теңгені (1 850 млн АҚШ доллпры) құрады.