«ҚазМұнайГаз» Гонконг қор биржасы мен AIX арқылы 5 жылдық dim-sum облигацияларын орналастыру нәтижесінде 1,25 млрд юань (шамамен $175,5 млн) көлемінде қаржы тартты. Жылдық мөлшерлеме – 3,15%. Бұл – компания үшін юаньмен шығарылған алғашқы еурооблигациялар. Алғашында 2 млрд юань тарту жоспарланған еді.
Айта кетсек, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» AIX биржасының сайтында 10 млрд юаньға (шамамен 1,38 млрд доллар) арналған облигациялық бағдарламаны жариялағанын хабарлаған едік.