«ҚазМұнайГаз» акционерлері 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 573,66 теңге көлемінде дивиденд төлеуді мақұлдады.
Жалпы төлем сомасы — 350 млрд теңге.
Дивидендтерді төлеу 5 маусымнан басталады.
Компания акцияларының 87,8%-ы мемлекетке тиесілі (Самұрық-Қазына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі арқылы).
2022–2024 жылдары компания жыл сайын 300 млрд теңге немесе бір акцияға 491,71 теңге көлемінде дивиденд төлеп келген.