Қазатомөнеркәсіп акционерлері 2024 жылға бір жай акцияға 1 264,12 теңге, жалпы сомасы шамамен 327,9 млрд теңге дивиденд алады.
Компания былтыр 2023 жылға 314 млрд теңге төлеп рекорд қойса, биыл көрсеткіш тағы өсіп отыр.
Осылайша дивидендтің кірістілігі 6,6% болды.
Қазатомөнеркәсіп 2024 жылы 1,13 трлн теңге таза пайда тапты. Бұл 2023 жылдың соңындағы 580 млрд теңгеден 95% артық, делінген компанияның есебінде.
Сондай-ақ акционерлер компанияның дивидендтік саясатына түзетулерді мақұлдады. Қайта қарау, ең алдымен, бірлескен кәсіпорындардағы бақыланбайтын үлестерге жататын ақша ағындарын жоюға, сондай-ақ олардың активтері мен дивидендтерін шығаруға қатысты. Түзетілген дивидендтерді есептеу формуласы 2025 және одан кейінгі нәтижелер негізінде қолданылады.