Freedom Broker Қазатомөнеркәсіп акциясының асыра бағаланғанын айтады.
Компанияның 2025 жылғы қаржылық есебінен кейін сарапшылар бағалауын жаңартты:
- бір акцияның мақсатты бағасы 35 500 теңгеге дейін көтерілді (бұрын 27 900 болған);
- қазіргі бағамен салыстырғанда 6% артық бағаланған, ұсыныс өзгермеді — «Ұстау».
Есеп «бейтарап» деп бағаланды. Себебі:
- табыс (выручка) өсімі тоқтаған;
- таза пайда өткен жыл деңгейінде қалған;
- операциялық ақша ағымы 57% өскен.
Соңғы бір жылда компания акциясы 136%, ал соңғы жарты жылда 55% өсті.