Қазақтелеком таза пайдасы 2024 жылы 26% азайып 77,23 млрд теңге болды

Қазақтелеком таза пайдасы 2024 жылы 26% азайып 77,23 млрд теңге болды

Қазақтелеком 2024 жылғы аудиттелген қаржылық есеьін жариялады. Есепке сай:

  • жалпы пайда 9,5% азайып, 109,72 млрд теңге;
  • операциялық пайда 11,4% азайып, 60,04 млрд теңге;
  • таза пайда 26% азайып, 77,23 млрд теңге;
  • міндеттеме 16,1% көбейіп, 788,57 млрд теңге;
  • ақша қаражаттары мен олардың баламалары 65,5% азайып, 24,48 млрд теңге болды.

«5G желісі Қазақстанның барлық ірі қалаларында орналастырылған. 2024 жылдың соңына қарай 2350 лицензиялық міндеттемемен 2980 базалық станция іске қосылды», — делінген есепте.

Ал 2025 жылдың қаңтарында 1,1 млрд долларға сатылған Мобайл Телеком-Сервис (Altel, Tele2) жақсы нәтиже көрсеткен:

  • кіріс 15,4% өсіп, 244,37 млрд теңге;
  • жалпы пайда 38,4% өсіп, 161,29 млрд теңге;
  • операциялық пайда 43% өсіп, 133,84 млрд теңге болған.