Қазақтелеком акциясы бүгін тағы 18% құлдырады

Қазақтелеком акциясы бүгін тағы 18% құлдырады

Қазақтелеңом акциясы бүгін спуда ашылғаннан бері түске дейін тағы 18% құлдырап, 32,5 мың теңге болды.

Алайда, түсте құлдырау сабасына түсіп, бір акция қайтадан көтеріліп, 35 мың теңгеге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше компания акциясы 29,36% құлдырап, 58,3 мың теңгеден  41,2 мың теңгеге дейін бір-ақ төмендеген. Бұл «дивидендтік тесікке» байланысты.

Дивидендтік тесік — жоғары дивиденд уәде етілгенде болатын құбылыс, ол кезде акционерлер акцияларын сатып, дивиденд те алмақ, акция арзандамай тұрғанда одан да құтылуға тырысады. Нәтижесінде акция осылай күрт құлдырайды.

Естеріңізге сала кетейік, одан бір күн бұрын Freedom Broker сарапшылары дивиденд алатын акционерлер тізілімін тіркеуге байланысты «Қазақтелеком» акциясының алдағы бірер күнде 40% күрт құлдырайтынын болжаған. Өйткені 6 мамырда компания дивиденд төлеуге рекордтық 293,45 млрд теңге бөлінеді деген жаңалық шыққанда акция құны рекордтық 59,2 мың теңгеге жетті.

Кейінірек акционерлер өткен жылдағы таза пайда мен бірнеше жыл бойы бөлінбеген пайдадан бір акцияға 26,6 мың теңге алатыны белгілі болды.

Күрт құлдырау салдарынан кеше биржа сауда-саттықты тоқтатты, бұл нарықта болатын қалыпты тәжірибе.

Нәтижесінде соңғы мәміледен дивидендтік тесікке дейінгі құлдырау 42% немесе 23,8 мың теңгені құрады, бұл жоғарыда аталған 26,6 мың теңге дивиденд сомасымен шамалас.