Бүгін сауда ашылғаннан бері Қазақтелеком акциясы 29,36% құлдырап кетіп, 58,3 мың теңгеден 41,2 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұл «дивидендтік тесікке» байланысты.
Дивидендтік тесік — жоғары дивиденд уәде етілгенде болатын құбылыс, ол кезде акционерлер акцияларын сатып, дивиденд те алмақ, акция арзандамай тұрғанда одан да құтылуға тырысады. Нәтижесінде акция осылай күрт құлдырайды.
Естеріңізге сала кетейік, Freedom Broker сарапшылары дивиденд алатын акционерлер тізілімін тіркеуге байланысты «Қазақтелеком» акциясының алдағы бірер күнде 40% күрт құлдырайтынын болжаған. Өйткені 6 мамырда компания дивиденд төлеуге рекордтық 293,45 млрд теңге бөлінеді деген жаңалық шыққанда акция құны рекордтық 59,2 мың теңгеге жетті.
Кейінірек акционерлер өткен жылдағы таза пайда мен бірнеше жыл бойы бөлінбеген пайдадан бір акцияға 26,6 мың теңге алатыны белгілі болды.
Күрт құлдырау салдарынан биржа сауда-саттықты тоқтатты, бұл нарықта болатын қалыпты тәжірибе.
